00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Біз кеткенде ол әйелін ұрып жатты»: Бишімбаевтың сотында куәгердің бірі жауап берді

«Біз кеткенде ол әйелін ұрып жатты»: Бишімбаевтың сотында куәгердің бірі жауап берді
Фото: Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінен

Бишімбаевтың ісіне қатысты бүгін сот отырысында Салтанат Нүкенованың өлімі күні Bau мейрамханасында жөндеу жұмыстарын жүргізген жұмысшы куәгер ретінде жауап беріп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

 Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы  Саяхат Нұрбеков мейрамханада жөндеу жұvыстарын жүргізген жұмысшылардың бірі Тәңір Мейірбеков пен мейрамхана әкімшісі  арасындағы ұялы телефондағы хатты оқып берді.

«Қарлығаш Bau»-ға 02:27-те  Мейірбеков «Директор қайтадан келді. Қазір Vip-кабинкада отыр. Қарлығаштан жауап жоқ.

6:35  - Мейірбеков істеген жұмыстарының  суретін жіберген. Кейін «суреттер ілінген қабырғаның жартысын бояуға рұқсат бермеді. Қуандық қиратып жатыр.

6.56  - қабырғаның жартысын боядық.

6:57 – VIP кабинканың басынан аяғына дейін төнкерген секілді. Әйелі аман деп үміттенемін.

Қарлығаш 07:49 – кешіріңіз.

Мейірбеков 7:50 – маска-шоу ұйымдастырды.

Қарлығаш  7:50 – түсінбедім?

Мейірбеков 7:50 – пиджакта

Қарлығаш 7:50 –  олар  әлі сонда ма?

Мейірбеков: біз кеткенде ол әйелін ұрып жатты болмаса мүлікті қиратты.

Мейірбеков: біз кетіп қалдық.

Қарлығаш: Дұрыс істедіңіздер. Ол қалай? Ол ішкен жоқ па?

Мейірбеков: Мен хат жазып, оятып жібермедім бе? Солай болса, кешірім сұраймын.

Қарлығаш: Жоқ.

Мейірбеков: Ол шыны есікті сындыра жаздады.

Қарлшығаш: күзетші болмады ма?

Мейірбеков: Жоқ, ас үйді қиратып...

Қарлығаш: құрсыншы, ол сол жердегі бүкіл шыныларды сындырды, - деп жауап жазған деді мемлекеттік айыптаушы.