00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл «Атырау-Астрахан» күре жолы қолданысқа беріледі

Биыл «Атырау-Астрахан» күре жолы қолданысқа беріледі
коллаж Elorda.info

Енді бұл екі аралықтағы жолды көлікпен жүріп өту уақыты 2,5-3 сағатқа дейін қысқарады. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев айтты. Ведомство басшысы Атырау облысына жұмыс сапарымен барып, құрылыс жұмыстары барысын тексерді, деп хабарлады Elorda.info azh.kz сайтына сілтеме жасап.

 

«Атырау облысында «Атырау-Астрахан» жобасы аяқталуда. Қайта құру жұмыстарымен қамтылған жолдың жалпы ұзындығы 212 шақырымды құрайды. Мердігерлер асфальттың соңғы жоғарғы қабатын төсеуде. Құрылысқа 612 маман мен 408 арнайы техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Қазір бұл жолмен тәулігіне 5 мыңға жуық автокөлік өтсе, жол пайдалануға берілгеннен кейін көлік қарқындылығы 75% - ға артады деп күтілуде.