00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл қарсы жолаққа шыққан 75-ке жуық жүргізуші жауапқа тартылды

Биыл қарсы жолаққа шыққан 75-ке жуық жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Жыл басынан бері Павлодарда қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 76 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Elorda.info

Қарсы жолаққа шығу – жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін өрескел бұзушылықтардың бірі. Көбінесе жүргізушілер басып озып, екі ұзын жолақты немесе мұндай маневр жасауға тыйым салатын белгіні байқамай, қарсы жолаққа шығады. Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді.



«Мысалы, Павлодар көшелерінің бірінде полицейлер Daewoo Nexia көлігін тоқтатты. Себебі ол қарсы қозғалысқа арналған жолдың жүру бөлігіне өтіп, жол ережесін бұзды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материал сотқа жіберілді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды» -  деді Павлодар облысының полициясы.