00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бишімбаевтың ісі: БАҚ өкілдері сот залынан шығарылды

10 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бишімбаевтың ісі: БАҚ өкілдері сот залынан шығарылды
фото: Жоғарғы сот

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында судья Айжан Құлбаева БАҚ өкілдерін сот залынан шығару туралы шешім қабылдағанын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұған дейінгі сот процесінде БАҚ өкілдері алқабилердің бет-бейнесін түсіріп алған және бұл кадрлар әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Судья бұған заң бойынша тыйым салынғанын ескертті.

Қылмыстық істі объективті және тиісінше қарауды қамтамасыз ету мақсатында тексеру нәтижелерін алғанға дейін Сот барлық БАҚ-ты сот отырысы залынан алып тастау қажет деп санайды, - деді судья Айжан Құлбаева.

Бұған қоса сот БАҚ пен әлеуметтік желілерге алқабилер бейнеленген фотосуреттер мен бейнелерді жоюды міндеттеді.