Бишімбаевтың соты: Байжанов Нүкенованың жақындарынан кешіріп сұрап, өкінішін білдірді
Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша кезекті сот отырысы жалғасуда. Сотта аталған іске қатысы бар екінші айыпталушы Бақытжан Байжановтың қайғылы оқиға болған күнге қатысты сөзі тыңдалып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Қайғылы оқиғаға байланысты Салтанаттың туған-туыстарына көңіл айтамын. Менің сөздерім орынсыз болып көрінуі мүмкін. Мен Салтанатты жақсы жағынан білдім. Мен оның барлық туыстарынан және оның достарынан,өзімнің ата-анамнан, жұбайымнан және балаларымнан кешірім сұраймын. Жауапкершілікті толық түсінемін, сол күні жағдайды түсініп, дұрыс бағалай алмағаныма өте өкінемін. Сол күні мен Салтанатты бірнеше рет көрдім, таңертең алыстан байқадым. Оның сол көзінің іскенін көрдім. Вип зал тас-талқан болып, дәретхананың есігі бұзылған екен.. Таңертең гастроцентрге келгенде, Қуандықтың ашуланып, жанжал шығарғанын және тағы да Салтанатты ұрғанын білдім,- деді ол (аударма).
Байжанов өз сөзінде, сол күні нақты не болып жатқанын түсінбегенін айтты.
Оқиға туралы мен сол жерге келгенде ғана білдім, бірақ мен мұның бәрі қаншалықты маңызды екенін бірден түсінбедім. Мен Салтанаттың мұндай қауіп-қатерге ұшырағанын елестете алмадым және бұл өмір мен өлім мәселесі екенін білмедім. Бұл өз өзімді ақтау емес, бірақ мен не болып жатқанын түсіне алмағанымды тағы да йтамын. Бұл менің кінәм, мен қазір қатты өкінемін. Менің ойымша,Қуандық басқаша істей алар еді, егер ол мұқият болса, Салтанатқа көмектесе де алар еді. Енді не айту керек? Алдағы уақытта мен басқаша не болуы мүмкін екенін ойлап, өзімді кінәлі сезініп өмір сүруім керек,- деді ол (аударма).