00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

6 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжам жасады, деп хабарлады Elorda.info.

6 қаңтарда Астана, Алматы, Жезқазған, Балқаш қалаларында, түнде Атырау қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.