00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Балаларымыздың әл-ауқаты еліміздің тұрақты дамуының іргетасы – министр

Балаларымыздың әл-ауқаты еліміздің тұрақты дамуының іргетасы – министр
Оңалхан Оңерхан

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Қадірменді жас достарым!

Сіздерді жадыраған жаздың ең шуақты мерекесі – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын!

Бүгінде елімізде 6,8 миллион бала бар. Оның 3,8 миллион – оқушылар. Бұл жай ғана статистикалық деректер емес, бұл санның артында еліміздің шын мәнінде орасан зор әлеуеті жатыр.

Балаларымыздың жан-жақты дамуы мен табысты тұлға болып қалыптасуына жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді.

Биыл еліміздің «Бала құқықтары туралы» халықаралық конвенцияға қол қойылғанына 30 жыл толады. Осы уақыт ішінде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы барлық негізгі халықаралық-құқықтық құжаттар ратификацияланды. Балалардың әл-ауқатының индексі әзірленіп, енгізілді. Балалардың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқықтары қамтамасыз етілуде. Балаларымыздың әл-ауқаты еліміздің тұрақты дамуы мен жарқын болашағының іргетасы.

Сіздерге зор денсаулық, мол табыс және жаздық каникулдағы демалыстарыңыз қауіпсіз, мазмұнды да қызыққа толы болуын тілеймін. Бүгінгі мереке күні құтты болсын! – делінген құттықтауда.