Қазақстанда туроператорлар саны 210-ға артты

Фото: Оңалхан Өнерхан
Мемлекеттік электронды тізілімнің деректері бойынша, Қазақстанда туроператор қызметін жүзеге асыруға 590 лицензия берілген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 210 лицензияға көп (380 лицензия), деп хабарлады Elordainfo.kz.
Лицензиялар мынадай бағыттар бойынша берілген:
- 44 лицензия – шығу туризмі;
- 43 лицензия – ішкі, келу және шығу туризмі;
- 503 лицензия – ішкі және келу туризмі.
«Мемлекеттік тізілімді жетілдіру бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп, туроператорлар өз қызметтерін заң талаптарына тез арада сәйкестендірді. Біз үшін қызмет көрсету сапасы басты назарда. Лицензия иелері үшін заң аясында жұмыс істеу маңызды», – деді ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.
Ұқсас жаңалықтар

20 қазан, 2025
Президент Юрий Аравиннің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты

20 қазан, 2025
25 мың гектар егістікті сумен қамтамасыз ету: Жетісу облысында каналдар реконструкцияланып жатыр

20 қазан, 2025
«Орта державалар» рөлі артып келеді»: Астанада халықаралық форум өтті

17 қазан, 2025
Астанада бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті