Қазақстан шайды қайдан импорттайды

Фото: freepik
Биылғы бірінші жарты жыл ішінде Қазақстан 40,4 млн АҚШ доллары сомасына 13,4 мың тонна шай импорттады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда импорт көлемі 28,1% қысқарды.
Негізгі жеткізушілер Кения – 4,8 мың тонна, Үндістан – 4,7 мың тонна, сондай-ақ Қытай мен Ресей – әрқайсысы 1,1 мың тоннадан. Оған қоса шай өнімі Вьетнам, Иран, Шри-Ланка және Грузиядан да келеді.
Өз кезегінде Қазақстан шайды Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Түрікменстанға, Тәжікстанға, Моңғолияға және Түркияға экспорттады.
Айта кетейік, бір адам орташа есеппен жылына 1,4 кг шай тұтынады (2023 жыл бойынша).
Ұқсас жаңалықтар

2 қыркүйек, 2025
Таразда құтқарушылар жаңа техника мен форма алды

2 қыркүйек, 2025
Қазақстанда 5,9 млн тонна астық жиналды

2 қыркүйек, 2025
ИКАО қазақстандық әуежайлар мен авиакомпаниялардың қауіпсіздігін тексереді

2 қыркүйек, 2025
Қазақстанға құны 150 миллион теңгеден асатын жүк көліктері заңсыз әкелінген