Қызылорда облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргендер анықталды

2 қыркүйек, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
views75
Қызылорда облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргендер анықталды
фото: Оңалхан Өнерхан

Қызылорда қаласы және Жаңақорған, Сырдария, Жалағаш, Қазалы аудандарында кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің 8 дерегі анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық тұлғалар полиция бөлімдеріне жеткізіліп, пайдаланылған арнайы техника айыппұл тұрағына қойылды.

«Қазіргі уақытта жиналған материалдар келтірілген залалды анықтау және кінәлі тұлғаларды жауаптылыққа тарту үшін уәкілетті органдарға жолданды. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда»,- делінген хабарламада.