«Ретро Шапито циркі» Астанада «Таза Қазақстан» акциясын өткізді

2 қыркүйек, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views67
«Ретро Шапито циркі» Астанада «Таза Қазақстан» акциясын өткізді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада аты аңызға айналған Мұтырғановтар әулеті жетекшілік ететін «Ретро Шапито циркі» өз гастрольдерін тәмамдады. Қорытынды қойылымнан кейін әртістер республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, аренаны ретке келтірді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Гастроль барысында елордалық көрермендер акробаттар, жонглерлер, иллюзионистер мен клоундардың ерекше өнерін тамашалады.

Мұтырғановтар әулетінің өнерпаздары шоуға келген қонақтарды таза аренада қарсы алды.

Акция аясында әртістер  мен көрермендер қойылымнан соң аренаны қоқыстан тазартты.