Таразда құтқарушылар жаңа техника мен форма алды

2 қыркүйек, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views50
Таразда құтқарушылар жаңа техника мен форма алды
Фото: ТЖМ

Тараздың орталық алаңында Жамбыл облысы ТЖД бөлімшелеріне жаңа өрт сөндіру-құтқару техникасы мен нысанды киімдерді беру рәсімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, жергілікті органдардың өкілдері және қызметтің жеке құрамы қатысты.

ТЖД бөлімшелеріне заманауи өрт сөндіру автоцистерналары, авариялық-құтқару автомобильдері, сорғы станциялары, жол талғамайтын көлік, вахталық автобус, жанармай құюшы және тіркемені сүйреуге арналған көліктер берілді. Барлық техника жаңа байланыс және навигация жүйелерімен жабдықталған, халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

 «Автопарктің жаңартылуы – бұл азаматтардың қауіпсіздігіне салынған инвестиция. Мықты материалдық-техникалық база құтқарушылардың жедел әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етеді», - деп министр атап өтті.