00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан мен Румыния көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Румыния көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Фото: Көлік министрлігінен

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Румыния Премьер-Министрі кеңсесінің мемлекеттік кеңесшісі Флорин Спатарумен кездесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Кездесу барысында теңіз және теміржол маршруттарын дамыту, логистика саласын цифрландыру, сондай-ақ көлік саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Елдер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған автокөлік және логистика салаларына қатысты құжаттарға қол қою туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілді. Ынтымақтастықты одан әрі нығайту және көлік жөніндегі бірлескен комиссияның кезекті отырысын өткізу үшін қазақстандық делегацияның Румынияға сапары жоспарлануда.

Тараптар Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік дәліздерді жақсарту үшін Қазақстан мен Румыния арасындағы әріптестіктің стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды дамыту бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.