Қазақстан мен Финляндия көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Фото: Көлік министрлігінен
ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Янне Хейсканенмен кездесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Тараптар көлікті декарбонизациялау және экологиялық таза технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі фин бизнес өкілдері делигациясының алдағы уақытта Ақтауға іссапары туралы айтты.
Іссапар аясында Ақтау мен Құрық порттарын аралап, нысандардың жұмысымен танысу жоспарланған. Сапардың мақсаты – теңіз тасымалы саласында ынтымақтастықты одан әрі дамыту.
Ұқсас жаңалықтар

15 қазан, 2025
Елімізде телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады

15 қазан, 2025
Qazaq Air Астанадан Қырғызстан мен Өзбекстанға әуе рейсін ашады

15 қазан, 2025
Шенген аймағына кіру ережелеріндегі жаңа талаптар туралы белгілі болды

15 қазан, 2025
Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған монета айналымға шықты