Қазақстан армиясы рейтингте қай орында тұр?
11 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат
Фото: Қорғаныс министрлігінен
Рейтинг Global FirePower Index сайтында жарияланды. Әр елдің әскери күш индексін (PwrIndx) есептеу 60 түрлі көрсеткіш бойынша жүреді, олардың арасында логистика, география, қаржыландыру және басқа да көрсеткіштер ескеріледі.
Елдің индексі нөлге неғұрлым жақын болса, оның әскери күші соғұрлым жоғары болады. Осылайша Қазақстан осы рейтингте 58-орынға ие болды – Қазақстан армиясы Орталық Азия елдері арасында үздік атанды.
Өңірдегі қалған елдер төменде орналасқан. Биыл Қазақстан рейтингте біршама көтерілгенін байқауға болады – 2022 жылы қазақстандық армия 64-орында болса, былтыр 63-орында болған.
Әскери күшінің ең жоғары көрсеткіштері бар елдер АҚШ, Ресей және Қытай болды, ал рейтингтің соңғы орнын Бутан алады.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
«Айқай» фильмі халықаралық фестивальде топ жарды
19 қыркүйек, 2024
Астанада құны 346 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
19 қыркүйек, 2024
«Ең бастысы – дұрыс таңдау жасау»: Ерлан Каналимов АЭС салуға қатысты пікір білдірді
19 қыркүйек, 2024
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында үздік промо-ролик түсірген мобилограф анықталды