Атырауда кәсіпкерден 2 млн теңге ақша бопсалаған блогер ұсталды
23 ақпан, 2024
Елорда ақпарат
коллаж Elorda.info
Атырауда кәсіпкерден 2 млн теңге ақша бопсалаған блогер ұсталды.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, блогер азық-түлік дүкенін бірнеше мәрте түсіріп, тауар салынған сөрелерді ақтарып шу шығарған. Кейін видеоны көпшілікке жарияламау үшін 2 млн теңге сұрап, тегін азық-түлік алған. 47 мың теңге тауардың ақысын төлемеген. Сондай-ақ, ол ақпан айында сот ғимаратындағы қызметтік бөлмеде киімнің қалтасынан 20 мың теңге ұрлағаны белгілі болды.
Қазіргі таңда күдікті қамауда отыр. Ұрлық және бопсалау деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті
21 қараша, 2024
ҚМДБ энергетикалық сусындарға қатысты үкім шығарды
21 қараша, 2024
Халықаралық конференцияда өрт-құтқару спортын дамыту мәселелері талқыланды
21 қараша, 2024
Астанада ақын Әбубәкір Смайыловтың өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті