00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Атырау облысында үйге найзағай түсіп, шетелдік азамат қайтыс болды

27 маусым, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Атырау облысында үйге найзағай түсіп, шетелдік азамат қайтыс болды
Бактыгуль Бурбаева

16 маусымда Атырау облысында Миялы ауылындағы жеке тұрғын үйге найзағай түскен. Соның салдарынан үй өртке оранған. Бұған дейін өкілетті органдар өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ деп мәлімдеген. Алайда кейін үйдің ішінде адам бар болғаны белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info «АқЖайық» сайтына сілтеме жасап.

1989 жылы туған Өзбекстан азаматы жаңадан салынып жатқан үйдің ас бөлмесінде болған.

Тергеу  барысында, аталған азаматтың Қазақстанға биыл 28 мамыр күні «Бейнеу» шекара бекеті арқылы кіргені және Миялы ауылы тұрғынының үйінде уақытша тіркеуде болғаны анықталды.

Мүрдені қарау кезінде дене жарақаттары анықталған жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындау үшін мәйіт аудандық аурухана жанындағы мүрдеханаға тапсырылды.