00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналық полицейлер алтын бұйымдар ұрлаған күдіктіні анықтады

Астаналық полицейлер алтын бұйымдар ұрлаған күдіктіні анықтады
Фото: дереккөз

Астанада үйден алтын бұйымдар ұрлаған күдікті қолға түсті, деп хабарлады Elorda.info.

Белгілі болғандай, ұры үйден 500 мың теңгенің алтын бұйымдарын алып кеткен. Үй иелерінің жоқтығын пайдаланған ер адам түнде жеке үйдің ауласына ұрланып кірген. Алдын ала дайындаған бұрауышпен терезені ашып, зергерлік бұйымдарды жымқырып кеткен.

Жедел іздестіру шаралары барысында Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері бір тәулікте ұрлыққа қатысы бар азаматты ұстады. Ол бұрын сотталған 30 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Оның ұрланған алтын бұйымдарды жалған құжаттарды пайдаланып, қалалық ломбардтарға өткізгені анықталды.