Астанада тұрғын үй кезегіне қойылмаған жетім балалардың құқықтары қорғалды

Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана прокуратурасы жетім балалардың тұрғын үйге кезекке қою бойынша құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлады Elorda.info.
Уәкілетті орган «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 71-бабын бұза отырып, он төрт жасқа толмаған тұлғаларда тіркеудің болмауына, сондай-ақ отбасы мүшелері болып табылмайтын қамқоршыларға тіркелген мүліктің болуына байланысты жетім балаларды кезекке қоюдан негізсіз бас тартқан.
Прокурорлық қадағалау шараларымен 200-ден астам жетім бала тұрғын үй алуға кезекке қойылды.
Ұқсас жаңалықтар

15 қазан, 2025
Елімізде телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады

15 қазан, 2025
Qazaq Air Астанадан Қырғызстан мен Өзбекстанға әуе рейсін ашады

15 қазан, 2025
Шенген аймағына кіру ережелеріндегі жаңа талаптар туралы белгілі болды

15 қазан, 2025
Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған монета айналымға шықты