Астанада Мемлекеттік корпорацияның жұмысын тиімді атқаруға қатысты ұсыныс енгізілді

30 мамыр, 2025
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада Мемлекеттік корпорацияның жұмысын тиімді атқаруға қатысты ұсыныс енгізілді
Фото: Оңалхан Өнерхан

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тексеру жүргізеді және қызмет алушыларға сапалы қызмет көрсету, қолайлы жағдайлар жасау және бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағытындағы жұмыстарға аса мән береді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Осы жылдың екінші тоқсанында департаментке елорда тұрғыны мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу барысында Халыққа қызмет көрсету бөлімінде регламент уақытын сақтамау фактісінің орын алғандығы жөнінде шағымы келіп түсті.

Шағымды қарау барысында, азаматша «Азаматтық хал актілері мен жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді қоса алғанда, қайтыс болуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша жүгінгені және кезекте күту уақыты 1,5 сағаттан аса болғаны анықталды.

Мемлекеттік қызмет көрсету заңнама талаптарына сәйкес, құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минутты құрайды.

Осы негізде, департаменттің ұсынысы негізінде шағымды қарау нәтижесі бойынша Мемлекеттік корпорацияның филиал басшылығына қызмет алушылар тарапынан наразылық тудырмау және шағымдарды болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру үшін тиісті шаралар қолдану туралы ұсыныс енгізілді.

«Егерде Сіздің мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда департаментке Сарыарқа даңғылы, 13, мекенжайы бойынша жазбаша түрде, немесе электрондық түрде «электрондық үкімет» порталы немесе Е-Otinish бірыңғай платформасы және EgovKzBot2.0 тelegram-бот арқылы «Уәкілетті органға өтініш» бөлімінде жүгіне аласыз», - делінген хабарламада.