Астанада инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқығын сақтау мәселелері талқыланды
Елордада әскери және құқық қорғау органдарының қатысуымен ведомствоаралық кеңес өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Қалалық құрама пунктінде өткен жиынға «Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс басқармасы», «Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің әскери департаменті» ММ, жергілікті әскери басқару органдарының, сондай-ақ Астана қаласы бойынша Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметкерлері қатысты.
Ведомствоаралық кеңесте кәсіпкерлердің, оның ішінде инвесторлардың құқықтарын сақтау мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің әскери департаменті осы саладағы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауды, бизнес субъектілерінің заңсыз тексеру іс-шараларына жол бермеу көрсетілген.