00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Елордалық прокуратура инвестордың құқығын қорғады

Елордалық прокуратура инвестордың құқығын қорғады
фото: Оңалхан Өнерхан

Инвесторлардың құқықтарын қорғау – прокуратура қызметінің басым бағытының бірі. Елорда прокуратурасы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмысын тұрақты негізде жүргізуде, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасап.

«2020 жылдан бастап Астанада «Еркетай» ЖШС 90 жұмыс орнын құрайтын жалпы сомасы 1,3 млрд теңгенің «Балабақшасы бар мектеп салу» инвестициялық жобасын жүзеге асыруда. Оның құрылысы аяқталғаннан кейін уәкілетті орган инвесторға объектіні пайдалануға рұқсат беруден бас тартқан. Бұл шешім жобаның техникалық күрделі объект ретінде қате жіктелуіне байланысты қабылданып, мемлекеттік сараптамадан өтуді талап еткен», - делінген прокуратура хабарламасында.

Елорда прокуратурасының қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша инвестор рұқсат беру құжаттарын алып, объект пайдалануға берілді.

Сонымен қатар кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.