Президент Италия министрлер кеңесінің төрағасын Қазақстанға шақырды
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» алаңында Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесу өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді туған күнімен құттықтап, достас Италия халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Президент былтыр Римге жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алып, соның нәтижесінде Қазақстан-Италия қатынастарының жаңа кезеңіне жол ашылғанын атап өтті.
Мемлекетаралық ынтымақтастықты жоғары деңгейде сақтау үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді Астанаға ресми сапармен келуге шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
24 қазан, 2025
Қазақстан мен БҰҰ: еліміз Ұйым Жарғысының инклюзивтілік идеяларын ілгерілетеді
24 қазан, 2025
Армения басылымы: Қазақстан Президенті армян халқының досы әрі бейбітшілік көпірі
24 қазан, 2025
Ыстанбұл губернаторы қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады
24 қазан, 2025
Тоқаев гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарды беру туралы Жарлыққа қол қойды
