00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астана маңында қай жерлерде балық аулауға болады?

14 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астана маңында қай жерлерде балық аулауға болады?
фото: Оңалхан Өнерхан

Әуесқойлар көктем шыққаннан бастап балық аулау маусымын бастап кетеді. Дегенмен жаздың салқын самалында, кешқұрым су маржанын аулауға кірісетіндердің қарасы көбейеді. Elorda.info тілшісі елорда маңында қармақ салуға болатын орындар туралы ақпарат жинады. 

1. Есіл өзенінің жағалауы

Орналасқан жері: Ырыскелді қажы мешітіне жақын жағалау бойында.

Қармаққа ілінуі мүмкін балықтар: кішкентай алабұға, сазан, табан, шортан.

2. Нұра өзені

Орналасқан жері: Сабынды ауылы. Қорғалжын тасжолынан 75 шақырымдық жол.

Қармаққа ілінуі мүмкін балықтар: шортан, алабұға, сазан, мөңке.

Қосымша ақпарат: Сабынды ауылында балық аулау өте ыңғайлы. Мұнда қармақ тастаудан бөлек шағын дастархан ұйымдастырып, табиғат аясында ас ішуге де болады.

3. Қоянды өзені

Орналасқан жері: Астанадан 20 шақырым жердегі Қоянды ауылы.

Қармаққа ілінуі мүмкін балықтар: алабұға, шортан, сазан, күміс тұқы, мөңке.

4. Сілеті өзені

Орналасқан жері: Астанадан Степногорск қаласына дейін 120 шақырым, әрі қарай Бестөбе ауылына жету керек. Ауыл жолымен өзенге шығуға болады. 

Қармаққа ілінуі мүмкін балықтар: шортан, тұқы, табан, қарабалық, мөңке.

Қосымша ақпарат: Сілеті өзенінде балық аулауға және жүзуге болады. Өзеннің түбі құмды, сондықтан демалушыларға өте ыңғайлы. Кейбір жерде өзеннің тереңдігі тоғыз метрге жетеді, сондықтан мұнда әртүрлі балықтар жүзеді.

5. Майбалық көлі

Орналасқан жері: Есіл алабындағы ағынсыз көл Астана әуежайының оңтүстік-шығысында орналасқан.

Қармаққа ілінуі мүмкін балықтар: шортан, тұқы, табан, сазан, алабұға, мөңке.