Қаржаубай Нұрымовтың отбасына демеушілердің көмегімен баспана салынып жатыр

Бұл туралы жәбірленуші тараптың өкілі, заңгер Мейірман Шекеев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қаржаубайдың отбасында енді тек қуаныш болсын! Асқар есімді азамат Қаржаубайдың үйін салысып жатқанын жариялағысы келмеген. Міне батыр. Деседе халық өз батырын білу керек. Асқар бауырым Алла деніңіз саулық берсін»,- деп жазды Мейірман Шекеев.
Сонымен қатар заңгер Алматы облысы әкімдігі осы құрылысты барынша қадағалап, құжаттарын рәсімдеп, аяғына дейін жеткізіп беруге уәде бергенін жазды.
«Мен үшін уәде -ҚР Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес міндеттеме, ал міндеттемеден бір жақты бас тартуға жол берілмейді. Ол соттағы жауапкершілік.
Көп түкірсе көл демекші, осы орайда @asarume_kz басшысы Асхат мырзағада алғысым шексіз. Негізі үйге әлі де керек жарақ заттар көп. Газ пеші, перделер, тағысын тағы. Қол ұшын беремін дегендерден бас тартпаймын. Жұмыла көтерген жүк жеңіл»,- деп жазды ол.