00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматыда әріптесін атып өлтірген бұрынғы полицейге сот үкімі шықты

12 ақпан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматыда әріптесін атып өлтірген бұрынғы полицейге сот үкімі шықты
коллаж Elorda.info

Алматыда әріптесін атып өлтірген бұрынғы полицейге сот үкімі шықты

2023 жылдың жазында сотталушы К. ғимаратты күзету мақсатымен, полиция департаментінің ғимаратына келген. Сотталушының әріптесі қызметтік қаруды алғаннан кейін, К.-дан белбеуін байлау үшін қаруды ұстай тұруына сұраған. Сотталушы болса қызметтік қаруды қолына алып, оны қолданудың ережелерін елемей, қаруды жоғары-төмен сермей бастайды. Абайсызда қарсы тұрған әріптесінің басынан атып, соңғысы оқиға орнында жан тапсырған. 

«Сот үкімімен сотталушы К.-ны ҚК 104-бабының 1-бөлігімен 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушінің пайдасына моральдық шығын үшін 10 миллион теңге және материалдық шығын үшін 3,5 миллион теңге өндірілді», - деп көрсетті Алматы соты. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.