00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Алматыда екі азаматтан 190 sim-карта мен sim-box құрылғысы тәркіленді

2 қаңтар, 2025
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Алматыда екі азаматтан 190 sim-карта мен sim-box құрылғысы тәркіленді
Фото: Оңалхан Өнерхан

ІІМ отандық ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, ел аумағында алаяқтық қызметтің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Республиканың аумағында түрлі мессендж арқылы қазақстандықтарға қоңырау шалу үшін интернет-алаяқтар sim-box құрылғыларын пайдаланады. Адамдарды алдау үшін қылмыскерлердің белгілі бір елде болуы міндетті емес. Sim-box құрылғыларының болуы жеткілікті. Олар жергілікті ұялы байланыс операторларының интернет–трафигін қолдана отырып, жалған нөмірлермен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

«Жаңа жыл қарсаңында ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің үйлестіруімен Алматы ПД полиция қызметкерлері жалдамалы пәтерде sim-box құрылғысының үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткен  25 жастағы екі жігітті ұстады. Жедел уәкілдер пәтерді тінту кезінде әрқайсысы 32 слоттық төрт sim-box құрылғысын және қазақстандық ұялы байланыс операторларының 190 sim-картасын, бірнеше телефон мен ноутбуктарды тәркіледі. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандарға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды», - деп жазылған хабарламада.