00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматы-Жезқазған бағытына жаңа жолаушылар вагондары қосылды

Алматы-Жезқазған бағытына жаңа жолаушылар вагондары қосылды
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен

Алматы қаласы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Оңтүстік» филиалына отандық өндірістен шыққан 12 жаңа заманауи вагон жеткізілді. Енді №73/74 «Алматы-Жезқазған» бағытында жүретін пойыздың құрамына 6 купелік және 6 плацкарттық жаңа вагондар қосылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Вагондар ауа баптау жүйелері, тамбурларда орнатылған бейнебақылау камералары, ауаны тазартатын сүзгілер, түтін датчиктері және биодәретханалармен жабдықталған. Сонымен қатар, жолаушылардың ыңғайлылығы үшін купелерде электр розеткалары мен USB ұяшықтары орнатылған.

«Ұлттық тасымалдаушының вагон паркін жаңарту жұмыстары жалғасуда. №73/74 «Алматы-Жезқазған» пойызы күн сайын тұрақты түрде қатынайды. Бұл вагондардың қызмет ету мерзімі 40 жылға дейін созылады, әрі бір сапарда 540 жолаушыны тасымалдау мүмкіндігі бар», – деп атап өтті, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ресми өкілі Нариман Дүйсекеев.

Естеріңізге сала кетсек, 2023-2024 жылдар аралығында Ұлттық тасымалдаушының паркі 150 жаңа вагонмен толықтырылды. Бұл вагондар Атырау-Маңғыстау, Ақтөбе-Атырау, Павлодар-Түркестан және Қызылорда-Семей бағыттарында қатынап жүр.