00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды

28 мамыр, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Алматы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды
фото: дереккөзден

Алматы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.

Бас прокуратурамен 2022 жылдың қаңтарында Алматы облысы Қарасай ауданы Кошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау орнында азаматтарды азаптау бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқаны белгілі.

«Тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде, 2024 жылғы 28 мамырда ҚПК-нің 128-бабына сәйкес Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Б. Абильбеков ұсталды», - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

ҚПК-нің 201-бабы негізінде іс бойынша өзге де толығырақ ақпарат жария етуге жатпайды.