Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
30 наурыз, 2024
Елорда ақпарат
Фото: Оңалхан Өнерхан
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады, деп хабарлады Elorda.info.
Синоптиктердің болжамынша, Екатеринбургтің үстінде орналасқан кең циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның барлық аумағына өз әсерін тигізеді. Жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде өтеді. 30 наурызда Ақмола, Павлодар және Қарағанды, Түркістан және Жамбыл облыстарында облыстарында, 31 наурызда Шығыс Қазақстан, Алматы және Жетісу облыстарында қатты жаңбыр жауады.
Елдің басым бөлігінде ауа температурасы түнде 3-10 аязға дейін төмендейді, күндіз 5-13 жылуға дейін жоғарылайды деп күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар