00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ақмола облысында жолда қалған 30 шетелдік азамат құтқарылды

13 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ақмола облысында жолда қалған 30 шетелдік азамат құтқарылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Ақмола облысында жолда қалған 30 шетелдік азамат құтқарылды, деп хабарлады Elorda.info Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сағат 01:30-да «Астана-Петропавл» автожолынан 31 Тәжікстан азаматы эвакуацияланды. Жолаушылардың арасында балалар да болған.  

Эвакуацияланғандар Көкшетау қаласының жылыту пунктіне жеткізілді. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де Ақмола құтқарушылары 28 шетелдікті эвакуациялаған болатын.