90% жағдайда балалар өз құқықтарын білмейді – министрлік
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Құрметті ата-аналар! Айналамыздағы әлем түрлі қызығарлық дүниеге толы, соның салдарынан балалар ерте жастан бастап, әсіресе қиын өмірлік жағдайларда жұмыс істей бастайды. 90% жағдайда балалар өз құқықтарын білмейді және табыс табу үшін кез-келген жұмысқа келіседі, бұл көбінесе жұмыс берушілердің қанауына және заң бұзуына әкеледі. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде балалар еңбегін заңсыз пайдалануға жол бермеу мақсатында еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас айқындалды, - деп жазылған хабарламада.
ҚР Еңбек кодексінің 69-бабына сәйкес, 14 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге аптасына 24 сағаттан, 16 жастан 18 жасқа дейін аптасына 36 сағаттан артық жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Сондай-ақ, еңбек заңнамасында түнгі уақыттағы жұмысқа (сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін) үстеме жұмысқа, жұмыс уақытының жиынтық есебі кезіндегі жұмысқа, вахталық әдіспен жұмысқа, қоса атқаратын жұмысқа тыйым салу көзделген.
Әрбір бала қанаудан аулақ болу және денсаулығын сақтау үшін өз құқықтарын білуі маңызды. Заңсыз балалар еңбегі − жұмыс берушіні жазалауға және балалар үшін көптеген ауруларға әкелетін күрделі мәселе. Егер сіз олардың денсаулығына зиянды қызметпен айналысатын балалар туралы білсеңіз, бұл туралы еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторға немесе ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне (тел.:74-25-28) хабарлаңыз, - деп жазылған хабарламада.