00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

60 млн теңгенің зергерлік бұйымдары мемлекет меншігіне өткізілді

1 қараша, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
60 млн теңгенің зергерлік бұйымдары мемлекет меншігіне өткізілді
фото: freepik.com

Көлік прокурорлары тәркілеген 100 млн теңгеден астам контрабандалық тауарлар мемлекет меншігіне өткізілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Соңғы жылдары Қазақстанда контрабандаға қарсы күрестің өзектілігі арта түсуде, бұған Алматы әуежайындағы кедендік бақылау кезінде анықталған жағдайлар дәлел.

Мысалы, пошталық сәлемдемелердің бірінен АҚШ-тан ойыншық түрінде жалған құжаттармен гауһар тастары бар зергерлік бұйымдар табылды.

«Көлік прокуратурасының талап- арызы бойынша Түрксіб аудандық соты тәркіленген жалпы құны 60 млн теңгені құрайтын зергерлік бұйымдарды мемлекет меншігіне өткізді. Алматы көлік прокуратурасының тағы бір талап-арызы бойынша сот Түркиядан геотекстиль ретінде жеткізілген жалпы құны 48 млн теңгеден асатын тауарларды мемлекет кірісіне берілді», - деді Бас көлік прокуратурасы.