Дизель отыны 16 пайызға қымбаттады
Биыл елімізде 494,1 мың тонна бензин өндірілді. Бұл өткен жылға қарағанда 20,6%-ға артық, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
Өңірлер бойынша ең көп бензин Шымкентте өндірілді. Аталған қалада 196,7 мың тонна, жыл ішінде 14,6%. Екінші орынға 155,1 мың тонна бензинмен Павлодар облысы жайғасса, үшін орынға 141,7 мың тонна бензин өндірісімен Атырау облысы орналасқан.
Дизель өндіру бойынша Павлодар облысы көш бастап тұр. Аталған өңірде 149,1 мың тонна дизель өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,1%-ға артық. Сонымен қатар Шымкентте 148 мың тонна және Атырау облысында 109,4 мың тонна дизель өндірілді.
Жалпы өткен жылы елімізде 5 млн тонна бензин және 5,4 млн тонна дизель отыны өндірілді. Өндірістің өсуі 3,1% және 8,3% құрады.
Өткен жылы жергілікті компаниялар бензинмен ішкі нарықты (сонымен қоса экспорт) толық қамтамасыз етті. Бір жыл бұрын 99,97%-ға қамтылса, оның алдыңғы жылы 99,1%.
Былтыр елімізге 43,3 мың тонна бензин әкелінді. Аталған сектордағы заңнамалық шектеулерді ескере отырып, экспорт 0,5%-ы құрады немесе 24,2 мың тонна бензин экспортталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 76%-ға аз.
Ішкі нарықта бензинді сату 5 млн тоннаны жетті, бұны 2021 жылғы қаңтар–желтоқсан айымен салыстырғанда 5,7%-ға артық.
Жергілікті компаниялар дизельмен ішкі нарықты 96,8%-ға қамтамасыз етті. Импорт керісінше 3,2%-ға дейін қысқарды. Елге 177,7 мың тонна дизель отыны әкелінді, бұл 2021 жылға қарағанда 47,2%-ға аз. Ішкі нарықта дизельді сату жыл ішінде 7% немесе 5,5 мың тоннаға дейін өсті.
Биыл қаңтарда елімізде бензин шамалы арзандады (0,1%-ға), ал дизель отыны айтарлықтай қымбаттады (бір жылда бірден 15,7%-ға).
Дизель бағасының өсуі әсіресе Атырау облысының тұрғындарына әсер етті. Аталған өңірде жыл ішінде бірден 44,8%-ға қымбаттаған. СҚО (39,1%) және ШҚО-да (37%) баға айтарлықтай өсті. Маңғыстау, Қызылорда облысы және Алматыда дизель бағасы өткен жылғы деңгейде қалды. Ал Ұлытау облысында дизель отыны 2,8%-ға арзандады.
Бұған дейін Қазақстан барлық көлік түрлері үшін бензин мен дизель отынын әкетуге тағы да тыйым салынатыны туралы айтылды. Атап айтқанда, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін майлар, сұйық отынды және авиациялық отынды қоспағанда, бензинді, дизель және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынбақ.