00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қанша қазақстандықтың жұмыс істеуге ниеті жоқ

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Қанша қазақстандықтың жұмыс істеуге ниеті жоқ
ашық дереккөз

Қазақстанда жұмыссыз бола тұра, оны іздеуге және еңбек етуге құлқы жоқ 39,5 мың адам тіркелген, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Өткен жылдың төртінші тоқсанында Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9 млн адам жұмыспен қамтылды. Олардың 6,9 миллионы жалдамалы қызметкер болса, 2,1 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтушылар.

Бюро дерегінше, толық жұмыспен қамтылмағандар саны былтырғы үшінші тоқсанмен салыстырғанда 9,9%-ға өсіп, 268,9 мың адам болды.

Былтырғы қорытынды бойынша жұмыссыз қазақстандықтар саны - 456,1 мың адам. Ал осы аралықта қызмет етуге құлықсыздар 19,3% болып төмендеді. Яғни, елімізде жұмыс істеуге ниеті жоқтар саны - 39,5 мың адам.