Орман өрті өршіп барады
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Чилиде орман өрті өршіп барады. Елдің 3 аймағында коменданттық сағат енгізілді, деп хабарлады Elorda.info.
Хабар24 жазуынша, бұл – тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалған мәжбүрлі шара.Соңғы деректерге сүйенсек, тілсіз жау 340 мың гектар аумақты күлге айналдырды. Елде жалпы 70 шақты өрт ошағы тіркелді. Апат басталғалы кем дегенде 26 адам опат болған. Мыңнан астам үй лапылдаған от астында қалыпты. Жергілікті өрт сөндірушілерге халықаралық көмек те келіп жетті. Аргентина, Бразилия, Колумбия, Испания және басқа да елдер апатқа төтеп беру жұмыстарына қол ұшын созып отыр.
Ұқсас жаңалықтар