00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде әуе рейсі 5 сағатқа кешіксе, билеттің толық құны қайтарылады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде әуе рейсі 5 сағатқа кешіксе, билеттің толық құны қайтарылады
ашық дереккөз

Қазақстанда әуе рейсі 5 сағатқа кешіксе, билеттің толық құнын қайтарып алуға болады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Жаңа жылдан бастап тиісті заңнамаға өзгертулер енгізілген. Бұған дейін әуе рейсі 10 сағатқа кешіктірілген жағдайда ғана жолаушыларға билет құны қайтарылатын. Енді бұл тәртіп екі есеге қысқартылды.

Ескі заңнамаға сәйкес, әуе рейсі 10 сағатқа кешіктірілген жағдайда әуе компаниясы билет құнын толық қайтарады. Осындай жағдайларды болдырмас үшін біз заңнамаға өзгерту енгізуді ұсындық. Заң былтырғы жылдың аяғында қабылданды. Егер кешігу уақыты 5 сағаттан асатын болса, онда билет құны толық қайтарылады, – деді Қазақстан авиациялық әкімшілігінің департамент директоры Нұржан Малаев.

Айта кетсек, жуырда ғана әуе компаниялары кестесі кешіктірілген немесе ауысқан рейстерді жолаушыларға хабарлауға міндеттелген болатын. Олар азаматтардың мобильді нөмір мен электронды поштасы арқылы жоспарланған сапар туралы ақпараттарды уақытылы беруі керек.

Саладағы келеңсіздіктерді болдырмау үшін осындай шара қабылданып отыр,– деді комитет өкілі.