00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Полицейлер тіркеуден шығарылған қару-жарақты екінші рет айналымға енгізген (ВИДЕО)

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Полицейлер тіркеуден шығарылған қару-жарақты екінші рет айналымға енгізген (ВИДЕО)
ашық дереккөз

Қару-жарақты екінші рет айналымға енгізумен шұғылданған құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен бұрынғы қызметкерлері және олардың көмекшілеріне қатысты сот процессі аяқталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Тіркеуден шығарылған оқ-дәрімен атылатын қару және оқ-дәрі қылмыстық схема бойынша жойылды деген жалған есеп арқылы кейін сатылуға шығарылып отырған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірге екі кезеңнен тұратын операция барысында Алматы қаласы және Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарында қаруды қайта айналымға шығару арнасының жолын кесті. Құрықтау және тінту барысында 347 бірлік қару, 13 граната және 7 387 оқ-дәрі алынды.Полицияның бұрынғы қызметкері ұйымдастырған қаруды модификациялау цехының көзі жойылды. Жедел зерделеуді жалғастыру арқылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыс әлеміне, бұзғыш діни ағымдарға қатысты және бұрынғы полицейлерден тұратын қаруды сатып алушылардың толық базасын анықтады, - делінген комитет хабарламасында.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының шешімімен кінәлі адамдар 2-ден 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру мерзімдеріне сотталды.

Қызметтік міндеттеріне салғырт қарағандары және жеке құрамды бақылауды әлсіреткендері үшін құқық қорғау органдарының бірқатар басшылары теріс негіз бойынша қызметтен босатылды.