00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

8 облыста жол әлі жабық

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
8 облыста жол әлі жабық
ашық дереккөз

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста жол әлі жабық, деп хабарлады Elorda.info Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.

Ауа-райы қолайсыздығы сақталып, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Түркістан облыстарында республикалық маңызы бар автожолдар әлі де жабық тұр. Мәселен, республикалық маңызы бар автожолдардың 44 учаскесінде қозғалыс шектелді. Республикалық автожолдар желісінде, оның ішінде жабық учаскелерде 541 бірлік арнайы техника мен 829 жолшы маман жұмыс істеп жатыр.