00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Заңдастырылған шетелдік көлікпен жүру мүмкін бе

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Заңдастырылған шетелдік көлікпен жүру мүмкін бе
ашық дереккөз

Шетелден әкелінген көлікті заңдастыруға мемлекеттен ұсынылатын жеңілдік елге 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін кіргізілген автомобильдерге берілмейді. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

«1 қыркүйектен кейін шетелден көлік әкелген, сол көлікті осы шара аясында заңдастырып алғысы келетіндер не істеуі керек?» - деп сұрады журналистердің бірі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Комитет басшысы мемлекет ұсынатын жеңілдік 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін кіргізілген көлік иелеріне ғана ұсынылатынын еске салды.

Президент анық айтты ғой, заңдастыру тек 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген көліктерге ғана ұсынылады. Ал, 1 қыркүйектен кейін әкеліп, заң бойынша заңдастырмаған көліктер біздің жолдарда жүре алмайды. Өйткені, олар бекітілген тәртіп бойынша тіркелмеген. Жол қозғалысына еркін қатысу үшін көлікті тиісті тәртіппен тіркеуден өткізу керек – мемлекеттік нөмір алып, көліктің тіркелгені туралы куәлік рәсімдеу қажет. Бұл құжаттар болмаса, жол қозғалысына қатысуға хақыңыз жоқ. Заң бойынша жауапкершілік арқалайсыз. Әкімшілік кодекс бойынша 1-рет ұсталғанда 10 айлық есептік көрсеткіш, қайталап ұсталған жағдайда 20 АЕК айыппұл салынады немесе көлік жүргізу құқығынан 1 жылға айыру жазасы қолданылады, - деді Қайсар Сұлтанбаев.