00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Құрылыс саласында 2,9 мың құқық бұзушылық тіркелді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Құрылыс саласында 2,9 мың құқық бұзушылық тіркелді
ашық дереккөз

Осы жылдың 9 айында сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі және тұрғын үй қатынастары саласында 2,9 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Бұл былтырғыға қарағанда 16,8%-ға артық,  деп хабарлады Elorda.info inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Құқық бұзушылықтардың 2,8 мыңы қаралды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,2%-ға артық. Бұдан бөлек 64 жағдай бойынша іс тоқтатылған көрінеді.

Ал, 46 іс бойынша ескерту беріліп, 2,7 мың құқық бұзушылық жағдайы бойынша әкімшілік айыппұл салынды.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың 38,5%-ы нысандар мен кешендерді салу бабы немесе сараптамадан өтпеген жобалау құжаттамасы бойынша тіркелген (1,1 мың құқық бұзушылық).

Одан кейін техникалық және авторлық қадағалаусыз құрылысты жүзеге асыру бабы (636 құқық бұзушылық, +74,2%), ҚР заңнамасының және мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, іздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмысын орындау бабы (261 құқық бұзушылық, +3,6%) бойынша тіркелді.

Республика бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтардың 19,5%-ы Алматы қаласында тіркелген (564 жағдай, +62,1%). Антилидерлер қатарында ШҚО (429 құқық бұзушылық) және Шымкент қаласы (382 құқық бұзушылық) бар.

Құқық бұзушылықтың ең төмен көрсеткіші Жетісу, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалды. Абай және Ұлытау облыстарында бірде-бір жағдай тіркелмеген.