00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сирия бойынша XX халықаралық кездесу келесі жылы өтеді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сирия бойынша XX халықаралық кездесу келесі жылы өтеді
ашық дереккөз

Сирия келіссөзі бойынша Астана процесінің ХХ халықаралық кездесуі 2023 жылы өтеді,  деп хабарлады Elorda.info.

ҚазАқпарат-тың жазуынша, мұндай шешім елордада бүгін өткен Астана процесінің XIX халықаралық келіссөзі барысында қабылданып, кепілгер елдердің бірлескен мәлімдемесіне тіркелді.

Бірлескен мәлімдемені Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов жария етті. 

Тараптар 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Астанада Сирия бойынша 20-шы халықаралық кездесу өткізуге уағдаласты. Сондай-ақ олар 2022 жылғы 19 шілдедегі үшжақты саммиттің қорытынды мәлімдемесінде бекітілген Ресей Федерациясында келесі жоғары деңгейдегі кездесуді ұйымдастыру туралы келісімді атап өтті, - деп жазылған Әділ Тұрсынов жариялаған бірлескен мәлімдемеде.