00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөз

 Бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің батысында, солтүстігінде найзағаймен жаңбыр, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, деп хабарлады Elorda.info «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Еліміздің қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың басым бөлігінде желдің күшеюі, күндіз солтүстігінде – бұршақ, дауыл күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Ұлытау, Абай облысының оңтүстігі мен шығысында, Қарағанды облыстарының оңтүстігі мен шығысында және батысында төтенше өрт қаупі сақталады, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Нұр-Сұлтан қаласында: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыста, батыстан жел соғады, күші 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 16-18, күндіз 18-20 градус жылы болады.

Алматы қаласында: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде 20-22, күндіз 33-35 градус жылы болады.

Шымкент қаласында: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде 19-21, күндіз 36-38 градус жылы болады.