00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Енесі мен келіні абақтыда жазасын бірге өтеп жатыр

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Енесі мен келіні абақтыда жазасын бірге өтеп жатыр
ашық дереккөз

Қаржы пирамидасын құрып, көптеген азаматты алдаған ене мен келін абақтыда жазасын өтеп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Zakon.kz жазуынша, келіннің түрмеге түскенде аяғы ауыр болған. Қазір босанған келіншекке арнайы бөлме берілді. Енесін көмекші болсын деп қасына алдыртты.

Ене мен келін қаржылық пирамида құрғаны үшін сотталып, Нұр-Сұлтан қаласының колониясында жазасын өтеп жатыр. Колонияға келген кезде келіні жүкті болды. Колония қызметкерлері оған бар мүмкіндікті жасап, әйелді дер кезінде перзентханаға жеткізді. Қазіргі уақытта сотталған әйел мен баласы колония қабырғасында арнайы бөлмеде тұрып жатыр. Қажетті тағам, жөргек, киіммен қамтамасыз етілді. Келіннің жанында көмектесетін қайын енесі бар. Бала дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Қазіргі уақытта біздің қызметкерлер баланың құжатын рәсімдеумен айналысуда, – деді ЕЦ- 166/10 мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Марат Жакишев.