Жыл басынан бері 500-ден астам мал ұрысы ұсталды – ІІМ
Жыл басынан бері 500-ден астам мал ұрлығы мен 60 қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Құдияр Нұрсейітов айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Құдияр Нұрсейітовтың айтуынша, Павлодар облысында 1 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.
Мал ұрлығының 70 пайыздан астамы тегін жайылымнан орын алады. Ветеринариялық бақылау қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен жедел-профилактикалық іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілуде, - деді Қ.Нұрсейітов.
Биыл мал ұрлығы 17 пайызға азайған.
Ұрланған 5 мың бас ірі қараның 3 мыңға жуығы немесе 56 пайызы табылып, заңды иелеріне қайтарылды. Жыл басынан бері 500-ден астам мал ұрлығы мен 60 қылмыстық топ ұсталды. Павлодар облысында 1 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетінің жолы кесілді, - деді Қ.Нұрсейітов.