Нұр-Сұлтаннан Нью-Йоркке рейс қашан іске қосылады
Азаматтық авиация комитетінің өкілдері Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс қашан іске қосылатыны туралы айтты, - деп хабарлады Kaz.tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі «Категории 1» алудың бірінші кезеңін бастаған, соның нәтижесінде FAA (АҚШ-тың федералдық азаматтық авиация басқармасы) Қазақстандағы авиация қауіпсіздігін және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін техникалық тексерістен өткізеді.
Тікелей рейстер 2024 жылдың соңында - 2025 жылдың басында іске қосылады деп жоспарланған, - деп жауап берді комитет өкілдері редакцияның сауалына.
Келісім аясында екі тарапта шектеулер болмайды: тасымалдау саны бойынша, белгіленген пункттер және жиілілік, «ашық аспан» режимі аясындағы әуе кеңістігіндегі еркіндіктің «бесінші дәрежесі".
Астана халықаралық қаржы орталығының транспорттық қолжетімділікті арттыру мақсатында Нұр-Сұлтан - Нью-Йорк бағыты бойынша рейс ашу жоспарланған, - деді ААК өкілдері.