00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

26 тамызға арналған ауа райы болжамы

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
26 тамызға арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөз

Кең ауқымды және аз қозғалатын антициклонның оңтүстік, оңтүстік-шығыс перифериясы бұрынғысынша еліміздің басым бөлігінің ауа райының қалыптастырып, ашық және құрғақ ауа райын сақтайды. Сондай-ақ, ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсері сақтала отырып, бұл өңірлерде найзағай, жаңбыр жаууына әсер етеді. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, түнде және таңертең шығыста, солтүстікте тұман түседі, - делінген «Қазгидромет»РМК хабарламасында.

Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +8...+10°С, күндіз +25...+27°С болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 3-8 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +23...+25°С болады.

Шымкент қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +14...+16°С, күндіз +30...+32°С болады.