00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әлемде жаңа көліктердің сатылымы 6%-ға артты

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әлемде жаңа көліктердің сатылымы 6%-ға артты
ашық дереккөз

Осы жылдың шілде айында LMC Automotive мәліметтері бойынша, бұл 2021 жылдың шілдесімен салыстырғанда 5,8% көп. Дегенмен, өсім Қытайдың арқасында мүмкін болып отыр. Сатылымның үштен бірі Қытайға тиесілі: шілдеде 2,5 млн-ға жуық жаңа автокөлік пен жеңіл коммерциялық көлік сатылды, көрсеткіш өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда 33,4% көп. Мұндағы сатылымның мұндай оң динамикасы, ең алдымен, коронавирустық шектеулерге байланысты кейінге қалдырылған тұтынушылық сұранысқа және мемлекет тарапынан автокөлік нарығын қолдау бойынша жаңа шаралардың іске қосылуына байланысты.

Көлік сатылымы бойынша екінші орындағы АҚШ-та 1,1 млн жаңа көлік сатылды, бірақ көрсеткіш 2021 жылдың шілдесімен салыстырғанда 11,6% төмен. Батыс Еуропада жаңа көлік сатылымы шілдеде бірден 8,9% төмендеп, 910,1 мың дананы құрады.

Автокөлік өндіруге арналған құрамдас бөліктердің тапшылығы жаңа автокөліктерді жеткізудегі үзілістердің жалғасуының себебі болып қала береді. Жағдайды Украинадағы соғысқа және Қытайдағы жалғасып жатқан коронавирус шектеулеріне байланысты логистикалық проблемалар қиындатады.

Еуропалық бизнес қауымдастығының мәліметі бойынша, 2022 жылдың шілдесінде Ресейде жеңіл және жеңіл коммерциялық көліктердің сатылымы 32,4 мың дананы құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 74,9% аз. Беларусьте сатылым одан да төмендеді, бірден 79,4%, 837 автокөлікке дейін азайды. Сатудың әлі азайып жатқаны, ең алдымен, Ресейдегі автокөлік зауыттарының жұмысының тоқтатылуына байланысты.

Қазақстанда 2022 жылдың шілдесінде 11,6 мың жеңіл және жеңіл коммерциялық көлік сатылды, бұл 2021 жылдың шілдесімен салыстырғанда 9,1% көп. Сатылымның көбеюі қазақстандық тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін отандық автозауыттарды жылдам қайта құрылымдау және ресейлік өндірістегі автокөліктердің тапшылығы жағдайында ішкі нарықты толтыру есебінен қамтамасыз етілді.

2022 жылдың шілдесінде Қазақстанда сатылған жаңа көліктер саны бойынша Chevrolet бренді көш бастады: 4 мың автокөлік — 2021 жылдың шілдесімен салыстырғанда 29,4% көп. Одан кейін Hyundai: 2,6 мың автокөлік, өсім 29,6%. Үздік үштікті Kia жапты: 1,4 мың жеңіл автокөлік, бір жылдағы өсім – 11%. Үздік бестікке сонымен қатар Toyota (903 автокөлік — бір жыл бұрынғыдан бірден 24,7% аз) және Lada (675 автокөлік – өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда 30,3% көп) кіреді.

Шілдеде қазақстандықтар арасында танымал болған 10 жаңа көлік моделінің қатарына бірден 5 Hyundai моделі кірді: Tucson (810 дана), Sonata (433 дана), Santa Fe (414 дана), Creta (391 дана) және Elantra (373 дана). Сонымен қатар, екі Chevrolet моделі — Cobalt (2796 дана) және Nexia (957 дана) — сондай-ақ Kia Sportage (917 дана), Toyota LC Prado (491 дана) және Lada Granta (276 дана).