Қазақстандықтар тағы қай мемлекетке визасыз бара алады
25 ақпан, 2023
Айман Нығмет
ашық дереккөз
Қазақстандықтар елге алғашқы кірген күннен бастап әрбір 180 күндік кезең ішінде Никарагуада 30 күнге дейінгі мерзімге визасыз бола алады.
Екінші тарап мемлекетінің аумағында 30 күннен артық болуға не оның аумағында еңбек немесе коммерциялық қызметті жүзеге асыруға ниеттенген бір тарап мемлекетінің азаматтары екінші тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес талап етілетін тиісті визаны алуы тиіс, - делінген қаулыда.
Никарагуа - Тынық мұхиты мен Кариб теңізінің арасында орналасқан Орталық Америкадағы мемлекет. Оның ландшафтын көлдер, жанартаулар мен жағажайлар құрайды.
Жақында Қазақстан мен Андорра визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды. СІМ бұл біздің елдеріміз арасындағы алғашқы үкіметаралық келісім екенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 16:41
Биыл 2 мыңнан астам балаға Kids go Free жобасы арқылы тегін әуе билеті берілді
Бүгін, 15:46
Жетісу облысында 136 адам қар құрсауынан құтқарылды
17 желтоқсан, 2024
Қазақстан Биоалуантүрлілік жөніндегі жаһандық қордың мүшесі болуға ниетті
17 желтоқсан, 2024
Ителгі құсын көбейту орталығын құру ұсынылды