Елордада «Елім дегендер» атты патриоттық флешмоб өтті

фото: ұйымдастырушылардан
Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада ерекше флешмоб өтті. «Елім дегендер» атты шараға 100-ге жуық елорда тұрғыны қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Шараның басты ерекшелігі – Қазақстан Республикасының Әнұраны домбыраның сүйемелдеуімен орындалуы.
Әнұранды ең алғаш болып, «Астана – күй қанатында» қалалық байқауының жеңімпазы Таупих Ералы домбырамен орындап, одан кейін әрбір қатарды астаналықтар шырқап шықты.
Бұл флешмобтың мақсаты – елорда тұрғындарының патриоттық рухын көтеріп, елімізге деген сүйіспеншілікті арттыру. Жиналған қауымның бірлігі мен елжандылығы көпшілікті қуантты.
Ұқсас жаңалықтар

17 қыркүйек, 2025
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде HR-қызметтеріне арналған Open Day өтті

17 қыркүйек, 2025
Астанада жаңа құрылыс кодексіндегі өзгерістер талқыланды

17 қыркүйек, 2025
Ұлттық ұлан су жаңа көліктермен вальс билеп, видеоға түсірді

17 қыркүйек, 2025
Елордада екі автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді